Мектеп тарихы » Мәтібұлақ ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мәтібұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
15
февраль
2022

Мектеп тарихы

Алматы облысы Жамбыл ауданы
"Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп тарихы

Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді.
Тарих керек – іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Қадыр Мырза Әлі
Ғасыр қойнауынан сыр шертетін менің ауылымның да тарихы әріде жатыр. 1954 жылы КПСС Орталық Комитетінң февраль Пленумының шешімі бойынша тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қазығы қағылған бұл ауыл алғашқыда «Рославль» астық совхозы болып аталды.Күз айында әскерден босаған жауынгерлердің ұсынысы бойынша Москва түбіндегі «Ярославль» қаласында орналасқан танк дивизиясының жауынгерлерінің қолдауымен көпшілігі осы жерге келіп орын тепті.Олардың көпшілігі механизатор,құрылысшы,токарь,сесарь мамандықтарының иесі болатын.Олар мектеп ,балабақша, мәдениет үйі,тұрғын үйдің құрылысын бастап, иен далаға жан бітіріп,шеті шексіз даланы гүлдендіріп қызу еңбек даласына айналдырды.Сол құрылыстың бірі – бүгінгі күнгі Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп болатын.Алғашында бастауыш мектеп барак типтес үйдің 3 бөлмесінде орналасты.Алғашқы мұғалімдер Шурикова Лидия Михайловна,Бертисбаева Рысжан,Айдауов Алмабек болды.Содан алғашқы типтік ғимарат 1957 жылы жеті жылдық мектеп болып ашылды.Алғашқы директоры болып Байтемиров Хамит Бекмұратұлы тағайындалды.Бірте- бірте ауыл ұлғайып,халық саны көбейіп оқушылар саны өсті.1969 жылы орта мектеп болып ашылды.Бұрынғы мектеп ғимаратына сыймайтын болғандықтан 1974 жылы қосымша ғимарат салынды.1970-1980 жылдары оқушы саны 970 тен асты,ұстаздар саны 90 ға жетті.Мектеп жанынан малшы, механизаторлардың балаларына арнап 150 орындық интернат жұмыс істеді.
Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасуына үлкен үлес қосамыз.
Мектеп құрылғаннан бастап басшылық еткен кісілердің осы білім ошағына сіңірген еңбктері зор. Беріректе Дәуренбеков Аждарбек Дәуренбекұлы,Рысмендиев Зәкір Рысмендіұлы,Жапаров Зәуірбек Жапарұлы, Жетенов Жәнібек Көпбосынұлы,Алыбаев Жамият Нұрқасымұлы, Ибрайжанова Бибігүл, Атамқұлова Зейнехан, Ережепова Гүлнар Әшімқызы, Адилова Гүлжан Тұрарқызы, Менисова Людмила Ешенханқызы, қазіргі кезде 2018-2022 оқу жылынан бастап  басшылық етіп келеді.
Мектеп – толассыз тіршілік, мәңгі жас өмір. Бұл шығармашылық өмірдің қайнаған ыстығына, қалшылдаған аязына төтеп беретін ол- ұстаз.Ұстаз- ұлы ұғым.Ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын,сенімін қалыптастыратын оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін,айналасына білім – тәрбие нұрын шашып,адамгершілік қасиеттерді төгетін қоғам қайраткері,ойшыл тұлға.Осы орайда мектебімізде қажымай – талмай жас жеткіншекке сапалы білім мен саналы тәрбие берген ардагер ұстаздарымыз :Азнабаев Төлеген,Куванов Битай Караевич,Лавренчук Раиса Ивановна, Өмірзақова Зағира,Құрманкулова Забира,Мұқанов Ерғазы,Мұқанова Мадина,Ұябаева Мұқан,Митяева Надежда Михайловна,Жакыпбекова Баян,Нұрахметова Баян Әуелханқызы,Шағаев Тілек Шағайұлы, Дүнгенова Сара, Бертісбаева Бақыт Әуелханқызы, Сұрапбергенова Алтынкүл Алмабекқызы, Байсарова Ақзер Жұмағұлқызы, Тулемисова Мағиша Саниевна, Тұрғынбаева Айнагүл Саржанқызы, Айтжанова Айкен Айтжанқызына алғысымыз шексіз.
Сол сияқты өз алтын ұя мектептеріне оралып ұзтаздарының жолын қуған мектеп түлектері: Әбдиева Мейрамкүл Айтқұлқызы, Нұрахметова Забира Қожахметқызы, Максутова Кәмила Мұқанқызы, Қалтаева Науаткүл Нұрғалиқызы, Түлебекова Айман Садуақасқызы, Сағатов Берік Толымбекұлы, Чанчарова Айгүл Ермекбайқызы, Сейлебаева Маржан Тұрысбекқызы, Момыншаева Үміт Момыншақызы, Сейдахметова Айна Асқарбекқызы мектеп оқушыларының заман талабына қарай білімді, саналы азамат болып өсуіне өз үлестерін қосуда.
60 жылдық тарихы бар қара шыңырақтың қабырғасынан түлеп ұшқан ұл- қыздарымыздың еліміздің эконкмикасының,мәдениетінің,ғылымының өркендеуіне өз үлестерін қосып әр салада жемісті еңбек етіп жүргендерін біз мақтанышпен айта аламыз.
Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда өз білімдері мен қажырлы еңбектерімен ел мақтанышына айналған мектеп түлектері:Күреңбеков Амантай------- Кисиков Куаныш Мүсімханұлы- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің директоры,генерал- майор,Дағылов Ерлан Мамытбекұлы-әскери ұшқыш,полковник,Қосдаулетов Асылхан Әділханұлы-әскери ұшқыш, капитан;Бөлшекбаев Орман Өмірәліұлы- полковник.
Еліміздің білім, мәдениет, өнер, спорт саласында да өз қолтаңбаларын қалдырып үлгерген мақтаныштарымыз: Базаркулова Ләззат –Облыстық Білім Департаментінің басшысы болған. Сеитов Ерік Еркінбайұлы, Молдашев Керім – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.Айдарбаева Доғдыркүл Қайсарбекқызы- биология ғылымдарының кандидаты, доцент.Шаймолдаев Талғат, Шаймолдаев Сәкен –Алматы Облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік тәжірибе бөлім бастығы. Карибаев Куат-Облыстық финанс полициясының тексеру бөлімінің бастығы.Макашева Салтанат- Шапырашты Наурызбай Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінің директоры.Сатова Раушан- Каз.Комерц банк бас есепшісі.Кистаубаева Индира- денсаулық сақтау департаментінің бас маманы,Абильдаева Шынаркул «Елорда» газетінің редакторы,1995 жылы бітірген Асанова Тілеулес «Болашақ»бағдарламасымен 2014 жылы Англияда Univerzity of Reading School of haw LLM International haw мамандығы бойынша оқыды.Жұмыс орны: Қазақ Эконкмика,қаржы және Халықаралық сауда университетінде заң бөлімінің басшысы.Астана қаласы. Байшуакова Сұлушаш – дәрігер – терапевт,Қыдыралиева Айгүл –дәрігер педиатр,аурухана бастығы.Еримбетова Алия- фармацевт.Сүлейменов Медет Қадышұлы- Таэквандо күресінен Азия чемпионы,Сүлейменова Шолпан Қадышқызы- Халықаралық «Нұрлы-Нөсер»фестивальінің лауреаты.
Ауылдың әл ауқатының көтерілуіне бір кісідей атсалысып жүрген Кәсіпкер азаматтар кешегі мектеп түлектері- Базарқұлов Әмірғазы, Селибаев Ерік, Жайлаубеков Сәкен, Дүйсенбиев Ерік, Шаймұқаев Мұратхан, Қапаров Мәулен, Нұрланғазиев Ануар Алмасайұлы ,Ыдырысова Майра т.б. Біздің мақтаныштарымыз.
Мектепті Алтын медальмен бітірген түлектерді кейінгі жас жеткіншектерге үлгі етіп отырамыз олар:
Киликин Ирма 1966ж
Айтжанова Айкен 1967ж
Қалығулова Светлана 1967ж
Бертисбаева Бақыт1969ж
Баталова Жибек. 1982ж
Абдрасилова Эльмира 1992ж
Керимбеков Ерлан 1993ж
Мырзахметова Айдана 2004ж
Бабаносов
Ерекше үлгідегі аттестат иегерлері:
Жакежанов Куаныш,КырыкбаеваЛәззат,Мамытова Айнамкөз 1995ж,Ахапов Ерлан 1995ж,Касымбаева Сауле 1995ж,Әбдірасилов Серік1997ж,Асанова Гүлназ 1998ж:Самакова Эльмира,Сакиева Индира,Тулебекова Карлығаш,Абельдаева Шынаркуль,Косдаулетов Асылхан,Кыстаубаева Индира:Сарсебаева Аигерим 2001ж,Кустутунова Толкын 2002:,Айдауова Айгул 2002,Бектембаева Аида,Сулейменов Ғабиден:Куванов Олжас.2003ж